Журнал туралы

Журналдың мақсаты – тарих және философияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін басып шығару, халықаралық ғылыми серіктестіктің дамуына ықпал ету, қоғамда тарихи білімдердің маңыздылығын және рөлін нығайту, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті міндеттерін шешу.

Журналдың міндеттері: ғалымдар арасында ғылыми пікір-талас үшін ашық алаң құру; ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне деген қолжетімділікті және зерттеушілер арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейту; қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен тарихи деректердің кең тобына сүйенетін тарихқа және ондағы Қазақстанның рөліне деген жаңа көзқарасты қалыптастыру.

Журналдың редакциялық саясаты: «Тарих. Философия сериясының» жариялау саясаты  ХХІ ғ. тарихи, философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың және пәнаралық білімдердің дамуындағы негізгі тенденциялармен анықталады. Қазіргі кезеңдегі әлемде орын алып отырған үрдістер ғылыми басылымдардың негізгі артықшылықтарын анықтайды. «Тарих. Философия» сериясы  отандық және шетелдік ғалымдардың әлеуметік-гуманитарлық бағыттар бойынша негізгі жетістіктерін жариялауға бағытталған. «Тарих. Философия сериясында» басып шығарылатын мақалалардың өзектілігі серияның қазіргі қоғамның негізгі мәселелері, соның ішінде рухани, мәдени, тарихи, философиялық, дінтану, білім және психологиялық ғылыми траекторияның дамуы бойынша диалогтық алаң  екендігімен анықталады. «Тарих. Философия сериясы» тек қана жергілігті ғалымдарға емес, сонымен қатар академиялық ғылым дәстүрін жалғастырушы жас мамандардың ғылыми зерттеу нәтижелерін басып шығаруға мүмкіндік береді. Басылым кәсіби аудиторияға, сонымен қатар дүниетанымдық мәселелерге және өзекті әлеуметтік-гуманитарлық жағдайға қызығушылық танытатын оқырмандардың кең тобына арналған.

«Тарих. Философия сериясының» редакциялық саясаты редколлегияның отырысында жаңартылды және бекітілді. 06.04.2020 ж. Хаттама №2.  

Тақырыптық бағыты әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми кеңістіктегі негізгі зерттеу артықшылықтарымен байланысты. «Тарих. Филосфия сериясы» негізгі бағыттар ретінде келесілерді ұсынады: дүниежүзі тарихының, түркі халықтары тарихының, Отандық тарихтың, антропология, этнология, деректану, тарихнама, мұрағаттану, мұаражайтану, филосфия, әлеуметтану, саясаттану және психологияның өзекті мәселелері. 

Кезеңділігі: «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия серисы жылына төрт рет (тоқсанда бір рет) баспадан шығады.

Жариялау шарттары: «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналына баспадан шығару үшін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерінен қамтитын мақалалар қабылданады.

Баспаға тек қана ғылыми басылымның профиліне сәйкес келетін өзекті, жаңа, ғылыми және тәжірибелік маңызы бар мақалалар қабылданады.

Мақаланың мәтінін баспаға ұсына отырып, автор өзі жайлы ақпараттың, сонымен бірге мақалада берілетін кестелер, схемалар, суреттердің толық дұрыстығына, плагиатың жоқтығына кеплдік береді.

Рецензиялау түрі: жарияланатын мақалалардың сапасын, дұрыстығын және нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге баспаның жоғары ғылыми-теориялық  деңгейін қолдау, өзекті және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жұмыстарды іріктеп алу мақсатында Тарих.Филосфия сериясының редакциясында ғылыми мақалалардың қолжазбасын рецензиялау жүргізіледі.

«Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясының» редакциясына келіп түсетін барлық мақалалар бастапқы тексерістен және рецензиялаудан өтеді.

Журналдың редакциясы тарабынан екіжақты жасырын рецензиялаудың халықаралық стандарты бекітілген: рецензент тарабынан берілетін ұсыныстардың объективтілігі үшін рецензенттің аты-жөні мақала авторына жарияланбайды. Рецензенттер сәйкес келетін зерттеу саласы бойынша мақала профильіне сай мамандар арасынан бас редактордың тарабынан тағайындалады. Рецензиялау құпия түрінде жүреді. Егер мақала рецензент тарабынан ұсынылмайтын болса мақала жарияланбайды және оның себептері авторға жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 3 аптадан аспайды.

Резенцияда мақаланың өзектілігі, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі, жаңалық деңгейі мен тәжірибелік маңызы белгіленеді. Сонымен бірге, негізгі кемшіліктері мәлімделеді (бар болған жағдайда).Рецензент мақаланың жариялану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды: қабылдау, шартты түрде қабылдау немесе жариялаудан бас тарту.

Оң рецензия берілген жағдайда мақала редакциялық алқаның отырысында талқылауға шығарылады. Рецензенттің қайта өңдеулерді қажет ететін ескертулердің бар болуы жағдайында оларды түзету мақсатында мақала авторға қайта жіберіледі. Мақаланы жариялауға қарсы екі рецензия болған жағдайда авторға мақаланың жарияланбайтындығы жөнінде негізделген жауап қайтарылады. Егер екі ренцензияның біреуі оң көзқараста болған жағдайда мақаланы жариялау жөніндегі мәселе редакция алқасының отырысында талқыланады.

Рецензиялау түрі «Тарих. Философия сериясының» редакциялық алқасы отырысында жаңартылды және бекітілді. 06.04.2020 ж. Хаттама №2.  

Мұрағаттау және қолжетімділік: баспадан шығарылған мақалалар толық күйінде журналдың сайтына – «Архив» бөліміне жайғастырылады. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналының мазмұны ашық қолжетімді түрінде беріледі және пайдаланушы оқырмандар үшін тегін түрінде ұсынылады. Пайдаланушы оқырмандарға оқуға, жүктеп алуға, көшірмесін алуға, принтерден шығаруға және сілтемелер жасауға мүмкіндіктер жасалған және бұл үшін баспадан немесе автордан рұқсат алудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқалығын тексеру: ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарға ұсынылмаған түпкі (дербес) ғылыми нәтижелермен мазмұндалуы тиісті. Ғылыми мақалалардың плагиаттық дәрежесін текесру жауапты хатшының тарабынан жүзеге асырылады.

Ғылыми мақалалардың түпнұсқалығы келісімшарттың негізінде strikeplagiarism.com немесе antiplagiat.ru  жүейесі арқылы тексеріледі.

Баспаға ұсынылатын ғылыми мақалалардың мазмұнының 70 %-дан көбі түпнұсқалы мәтінді құрауы қажет. Егер мақала мазмұнының түпнұсқалығы қойылатын талаптарға сәйкес келмесе мақала тексеру есебімен бірге авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Егер мақала түзетілмесе немесе қайта өңделгенен соң екінші рет түпнұсқалық талабына сәйкес келмесе мақала жариялауға жіберілмейді.

Жалпы ақпарат:

1. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» ISSN Сериялық басылымдарды тіркеу бойынша халықаралық орталықта тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) ISSN 2518-7236 (Print), ISSN 2663-5100 (Online)

 2. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тарабынан тіркеуге алынған. Тіркеу куәлігі № 13108–Ж  23.10.2012 ж.

3.  «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізіміне енеді. Бұйрық № 1735, 27 желтоқсан 2012 жыл; Бұйрық №265, 18 наурыз 2021 жыл.

4. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналына және жарияланған барлық мақалаларға цифрлік объект идентификаторы  - DOI беріледі.

5. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналы РИНЦ-ке тіркелген. Барлық мақалалар ашық түрде және PDF форматында Ғылыми Электронды Кітапханада, elibrary.ru сайтына тіркеледі.

Баспа тілі: қазақ, орыс ағылшын тілдері. 

Текущий выпуск

2024, 29, 1 (113)
Опубликован: 2024-03-30

Бүкіл шығарылым

ТАРИХ

ФИЛОСОФИЯ

  • Стоиктер іліміндегі тағдыр идеясы философиялық мәселе ретінде

    Көрулер: 8
    Ж.Ө. Дағарова; Ғ.Р. Сейфуллина, С.М. Аралбай
    132-140
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/132-140
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырудағы философияның рөлі

    Көрулер: 3
    Н.Ф. Ломан, К.А. Темиргалиев, Г.Ж. Джамалиева, Ю.Г. Осинцева, О.А. Ковтун
    141-148
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/141-148
  • Этноцентризм және шығу туризміндегі мәдениетаралық коммуникация кедергілері

    Көрулер: 17
    А.Н. Алибаева, Н.К. Альджанова
    149-150
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/149-150
  • Қазақстандық жастарда туындайтын құбылыстарды философиялық талдау

    Көрулер: 17
    А.С. Дусипова, М. Питер
    160-169
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/160-169
  • Социум ағынында

    Көрулер: 11
    Б.Ж. Жусупова, Т.Х. Керимов
    170-177
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/170-177
  • Ислам дініндегі білімнің статусы мен құндылығы және киелілер культі

    Көрулер: 6
    Г.А. Камишева, Г.С. Оралова, А.Т. Төлебаева, Н. Йылдыз
    178-187
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/178-187
  • Толеранттылық пен этноконфессиялық бірегейлік құбылысын түсінудің әдіснамалық координаттары

    Көрулер: 5
    Б.И. Карипбаев, Г.А. Жумасултанова
    188-195
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/188-195
  • Қазақстанның өркениеттілік дамуындағы жапондық модельдің маңыздылығы

    Көрулер: 5
    А.Ә. Қожан, Б.М. Божбанбаев, Е.Н. Осербаев, Т.К. Досалиев
    196-207
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/196-207
  • Әлемдік астаналардың дамуын салыстырмалы талдау

    Көрулер: 5
    М.М. Манасова
    208-217
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/208-217
  • Әлеуметтік қызметтің жаңа мәдениетін қалыптастыру контексінде негізгі әдіснамалық тәсілдер мен зерттеулерді анықтау

    Көрулер: 11
    С.А. Семедов
    218-224
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/218-224
  • VR және AR технологиялары қазіргі мәдени кеңістікте

    Көрулер: 25
    Д.А. Сиражиден, Г.С. Касбаева, Бюлент Шенай
    225-236
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/225-236
  • Еңбек философиясындағы өзін-өзі жүзеге асыру идеясы

    Көрулер: 29
    Б.Ж. Төлеу
    237-243
    DOI: https://doi.org/10.31489/2024hph1/237-243
Показать все выпуски