Атрибуты Степной цивилизации в творческом наследии Шокана Уалиханова

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph3/207-214

Ключевые слова:

Шокан Уалиханов, Степная цивилизация, кочевники, казах, киргиз

Аннотация

Мақалада Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасындағы Дала өркениетінің ерекшеліктеріне талдау жасалған. Авторлар Ш. Уәлихановтың ғылыми тұжырымы бойынша ешқашан таза көшпелі қоғам болмағанына назар аударған. Сонымен қатар, қазақ және қырғыз қоғамында мал шаруашылығынан басқа, егіншілік, қала, қолөнер сияқты бірнеше мәдени-шаруашылық типтер болғандығына салыстырмалы талдаулар жасаған. Мақала авторлары Ш. Уәлихановтың сол кезеңдегі тарихнамаға түзету енгізіп, «қазақтар мен қырғыздар жартылай көшпелі халық болды» деген ғылыми тұжырымын негізге ала отырып, бұл тұжырымның бүгінгі күнге дейін өзекті екеніне айрықша мән берген. Қорытынды бөлімінде, далалық өркениетке сай көшпелі қоғамда мемлекет, қала, қоныс, жазу және жоғары мәдени руханият болғандығы туралы тұжырымдама жасалған. Сондай-ақ, авторлар отырықшы халықтармен салыстырғанда, көшпелі халықтардың табиғи ортамен үйлесімді, жарасымды жағдайда өмір сүрген деген қорытынды шығарады

Загрузки

Опубликован

2024-09-30