Репрессивная политика советской власти в отношении несовершеннолетних в 1941–1958 гг.: анализ нормативно-правовой базы (3–5-е этапы)

Авторы

  • К.К. Абдрахманова
  • З.Г. Сактаганова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2023hph4/111-123

Ключевые слова:

нормативно-правовая база, детский дом, воспитательная трудовая колония, детская безнадзорность, детская беспризорность

Аннотация

Алдыңғы жарияланымның жалғасы болып табылатын мақалада («Қарағанды университетінің
хабаршысы. Тарих. Философия сериясы», № 3 (111)/2023) 1941 жылдан 1958 жылға дейінгі кезеңде
кәмелетке толмағандарға қатысты репрессиялық саясаттың нормативтік-құқықтық базасының соңғы
үш кезеңі талданған. Қолданыстағы нормативтік базаны топтастыру арқылы авторлар 1918 жылдан
1958 жылға дейінгі бес кезеңді анықтады, яғни елдің кәмелеттік жасқа толмаған тұрғындарына
қатысты репрессиялық саясатты қатайтуға немесе жеңілдетуге бағытталған заңнамалық құжаттар
негізгі критерий ретінде алынған. 1941 жылдың 7 шілдесінен 1958 жылдың 25 желтоқсанына дейінгі
аралықтағы үшінші, төртінші және бесінші кезеңдердегі нормативтік құжаттар қарастырылған.
Талдаудың негізгі дереккөздері ретінде алынған конституция, заңдар, бұйрықтар, нұсқаулықтар,
қаулылар авторларға кәмелетке толмағандарға қатысты репрессиялық саясаттың ауқымы мен
кезеңдерін бақылауға мүмкіндік беретін әртүрлі директивалық құжаттар. Қорытындыда авторлар
үшінші кезеңді (1941 жылдың 7 шілдесінен 1945 жылдың 18 қаңтарына дейін) ең шырқау шегіне
жеткен кезең деп тұжырымдайды, себебі, заңнама қатаңдатылды, пенитенциарлық жүйеде кәмелетке толмағандардың саны күрт өсті, өмірдің барлық салаларында балалар еңбегін қолданудың ауқымдылығы мен қатыгездігі болды. Төртінші кезең (1945 жылдың 18 қаңтарынан 1956 жылдың 24 наурызына дейін) өтпелі кезең болды және балаларға қатысты репрессия саясатының біршама жеңілдеуімен сипатталады. Бұл кезеңде біз нормативтік дереккөздердің қысқаруын ғана емес, сонымен қатар балалардың өмірін жақсартуға бағытталған құжаттардың пайда болуын байқаймыз. Бесінші кезең (1956 жылдың 24 наурызынан 1958 жылдың 25 желтоқсанына дейін) соңғы кезең, өйткені дәл осы кезеңде кәмелетке толмағандарға қатысты қуғын-сүргін тоқтатылды.

Загрузки

Опубликован

2023-12-30

Выпуск

Раздел

ИСТОРИЯ