Ворух анклавындағы 2021 жылғы қақтығысты бұқаралық ақпарат құралдары қалай көрсетті?

Авторы

  • Ш.К. Зипатолла
  • Ж.М. Кенжегали
  • М.К. Хуррамов

DOI:

https://doi.org/10.31489/2022hph4/72-79

Ключевые слова:

қырғыз-тәжік шекарасы, Ворух анклавы, шекара мәселесі, Қырғызстан, Тәжікстан

Аннотация

Ворух анклавы — Қырғызстан территориясымен қоршалған Тәжікстанның шағын жері. Тек соңғы 10 жылда онда екі жақтан да құрбандар болған 150-ден астам қақтығыс болды. Мақалада 2021 жылдың 28 сәуірі мен 1 мамыры аралығында Ворух анклавында болған қақтығысты қырғыз және тәжік бұқаралық ақпарат құралдары қалай жариялағаны сипатталған. Ол үшін зерттеушілер 28 сәуір мен 1 мамыр аралығындағы үш қырғызстандық бұқаралық ақпарат құралдарына, атап айтқанда «Kaktus.media», «Turmush», «24.kg» және «Азия-Плюс», «Ховар», «Авеста» сияқты үш тәжікстандық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттарына талдау жасаған. Одан әрі жинақталған мәліметтерді талдау барысында екі жақтан да жанжалды бір жақты көрсету үрдісі бар екені дәлелденді. Оның үстіне қырғызстандық ақпарат құралдары ақпаратты сараптау бойынша барынша ашық болып, оқиғаны егжей-тегжейлі көрсетуге тырысқанын, ал кейбір тәжікстандық бұқаралық ақпарат құралдары шектеулі ақпараттарды ғана жариялағанын байқаймыз. Бұл зерттеудің нәтижелері қырғыз-тәжік шекарасындағы жыл сайынғы қақтығыстардың шешімін табу үшін қажет процестерді жақсырақ түсінуге ықпал етеді.

Загрузки

Опубликован

2022-12-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ