Стоиктер іліміндегі тағдыр идеясы философиялық мәселе ретінде

Авторы

  • Ж.Ө. Дағарова
  • Ғ.Р. Сейфуллина
  • С.М. Аралбай

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/132-140

Ключевые слова:

тағдыр, бақыт, ізгілік, құмарлық, даналық, батылдық, байсалдылық, әділеттілік, мойынсұну, еркіндік

Аннотация

Мақалада ең алдымен тағдыр идеясына қатысты алуан түрлі көзқарастар қарастырылып, тағдыр мәселесіне тарихи-философиялық талдау жасалған. Тағдыр мәселесінде бір жағынан адамның еркін таңдауына және оның өмірінің алдын ала анықталғандығына да қатысты бір-біріне екі қарама-қарсы көзқарастар айқындалады. Қоғамның құрылысы және ондағы әлеуметтік мәдени даму деңгейіне қарамастан, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде осы тағдыр мәселесінің шешімі екіұшты және өткір пікірталас тудыратын мәселе болып қала беретіндігі белгілі. Авторлар жаһанданудың тарихи контексіндежәне әлеуметтік трансформациялар жағдайында қарастырылатын адамзат тағдырын түсінудің мән мағынасына зерттеу жүргізген. Осыған байланысты стоиктер философиясының тағдыр идеясына байланысты ұсынған ойлары қазіргі заманымыздағы адамзат баласының адамгершілік, этикалық мінез құлығына ерекше мағына береді. Сонымен қатар, стоиктердің әртүрлі дағдарыстық жағдайларды шешу барысында осыларды қолданудың потенциалды мүмкіндігі қарастырылған. Стоицизм идеяларына философиялық талдау жасау арқылы олардың қазіргі өмір сүріп отырған заманымыздағы өзектілігі көрсетілген.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ