Рецензиялау

РЕЦЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР

Жарияланатын мақалалардың сапасын, дұрыстығын және нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге баспаның жоғары ғылыми-теориялық  деңгейін қолдау, өзекті және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жұмыстарды іріктеп алу мақсатында Тарих.Филосфия сериясының редакциясында ғылыми мақалалардың қолжазбасын рецензиялау жүргізіледі.

«Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясының» редакциясына келіп түсетін барлық мақалалар бастапқы тексерістен және рецензиялаудан өтеді.

Журналдың редакциясы тарабынан екіжақты жасырын рецензиялаудың халықаралық стандарты бекітілген: рецензент тарабынан берілетін ұсыныстардың объективтілігі үшін рецензенттің аты-жөні мақала авторына жарияланбайды. Рецензенттер сәйкес келетін зерттеу саласы бойынша мақала профильіне сай мамандар арасынан бас редактордың тарабынан тағайындалады. Рецензиялау құпия түрінде жүреді. Егер мақала рецензент тарабынан ұсынылмайтын болса мақала жарияланбайды және оның себептері авторға жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 3 аптадан аспайды.

Резенцияда мақаланың өзектілігі, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі, жаңалық деңгейі мен тәжірибелік маңызы белгіленеді. Сонымен бірге, негізгі кемшіліктері мәлімделеді (бар болған жағдайда).Рецензент мақаланың жариялану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды: қабылдау, шартты түрде қабылдау немесе жариялаудан бас тарту.

Оң рецензия берілген жағдайда мақала редакциялық алқаның отырысында талқылауға шығарылады. Рецензенттің қайта өңдеулерді қажет ететін ескертулердің бар болуы жағдайында оларды түзету мақсатында мақала авторға қайта жіберіледі. Мақаланы жариялауға қарсы екі рецензия болған жағдайда авторға мақаланың жарияланбайтындығы жөнінде негізделген жауап қайтарылады. Егер екі ренцензияның біреуі оң көзқараста болған жағдайда мақаланы жариялау жөніндегі мәселе редакция алқасының отырысында талқыланады.

Рецензиялау түрі және тәртібі «Тарих. Философия сериясының» редакциялық алқасы отырысында жаңартылды және бекітілді. 06.04.2020 ж. Хаттама №2.