Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырудағы философияның рөлі

Авторы

  • Н.Ф. Ломан
  • К.А. Темиргалиев
  • Г.Ж. Джамалиева
  • Ю.Г. Осинцева
  • О.А. Ковтун

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/141-148

Ключевые слова:

сыни-клиникалық ойлау, факт, аргументация, мағына, рефлексия, сыни тұрғыдан ойлау және оның дағдылары, принциптері, философия, сынға негізделген, реализм, сынды өзіне қабылдаушы, сыртқы көзқарас

Аннотация

Мақалада әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту кезіндегі әртүрлі университеттердің студенттері арасында сыни ойлауды дамытудың жолдары мен нұсқалары қарастырылған. Кез келген қиын өмірлік жағдайда сыни тұрғыдан ойлау және дұрыс таңдау жасау қабілетінің маңыздылығына баса назар аударылады. Сонымен қатар мақалада медицинада білім алатын студенттердің мұндай жағдайды қалай қабылдайтындығы және одан шығу жолы туралы айтылған. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және қалыптастыру технологиясын жан-жақты және тиянақты түрде баяндап, студенттерде мұндай ойлаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткен И.В. Муштавинская, С.И. Заир-Бек, И.О. Загашевтің зерттеулері қызығушылық тудырады. Философияны оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Авторлар осы тұрғыдан алғанда әртүрлі әдістер қолданған. Атап айтсақ: этикалық және әлеуметтік маңызы бар тақырыптар жөнінде пікірталас, экзистенциалды мәселелер бойынша эссе жазу, білім беру конференциялары, Жаңа Қазақстанның философиясы, өмірдің мәні немесе эвтаназия және т.б. мәселелер туралы студенттермен спикер ретінде дөңгелек үстелдер өткізген. Студенттердің өзіндік ізденістерін жүзеге асыруға және өз бетінше қорытынды мен шешім қабылдауға мүмкіндік беретін танымдық тапсырмаларды әзірлеуге назар аударылған. Мұндай тапсырмалар ретінде түпнұсқа мәтін, түсінуді талап ететін этикалық дилемма немесе ситуациялық тапсырма болуы мүмкін. Авторлар тәжірибеге сүйене отырып, студенттердің бейініне қарамастан барлық жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуға сыни компонентті енгізу қажет деген қорытынды жасайды.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ