Этноцентризм және шығу туризміндегі мәдениетаралық коммуникация кедергілері

Авторы

  • А.Н. Алибаева
  • Н.К. Альджанова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/149-150

Ключевые слова:

мәдениетаралық коммуникация, этноцентризм, кедергілердің түрлері, туризм, әлеуметтік нормалар, «өзім-бөтен» феномені, турист, туристік агенттіктер, демалыс аймақтары, қызмет көрсету

Аннотация

Діни және мәдени айырмашылықтармен ерекшеленетін демалыс аймақтарында туристер арасындағы достық ортаны қалай қалыптастыру туралы сұрақтар іс жүзінде соңғы уақытқа дейін тек психологиялық, экономикалық жағынан, заң немесе мемлекеттік басқару аясында ғана қарастырылып келеді. Ал туристердің жекелеген мақсатты сегменттері барысында бұл мәселеге, яғни мәдениетаралық коммуникацияға көзқарастар трансформацияға ұшырады. Мақалада туристік қызметтердің сыртқы нарығына жұмыс істейтін фирманың туристік қызметіне байланысты мәдениетаралық коммуникация тұрғысынан зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында этноцентризмнің кейбір формалары анықталып, мәдениетаралық қатынастардың белгілі-бір кедергілер тудыратыны, оның туристік нарықтың дамуына оң және теріс әсері қарастырылған. Қойылған міндеттерді шешу үшін оң және теріс кедергілерді анықтау үшін мамандарға, әртүрлі елдердің туристік компанияларының қызметкерлеріне және «Kaztour» қазақстандық туристік агенттігі және «Fun& Sun Kazakhstan» туроператорының басшылары мен серіктестерінен авторлар сараптамалық сауалнама жүргізген, яғни туристер мен туристік агенттіктердің қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас деңгейі талданған. Мақалада шығу туризмі кезіндегі кедергілер және олардың көріністері, қазақстандық туристердің тұру аймақтарына байланысты өңірлер арасындағы кедергілер көрсеткіштері (шығу туризмі) анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгеру үшін туристік сала қызметкерлері мен туристер арасындағы байланыс орнату, туристік қызметтер мен нысандарды жобалау және іске асыру қызмет көрсету кадрларын даярлаудың мақсаттарына тиімді болып келеді.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ