Ислам дініндегі білімнің статусы мен құндылығы және киелілер культі

Авторы

  • Г.А. Камишева
  • Г.С. Оралова
  • А.Т. Төлебаева
  • Н. Йылдыз

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/178-187

Ключевые слова:

Ислам, Құран, адаб ұғымы, білім, ғылым философиясы, әулие-әмбие, мазар, медресе, сүре, аят

Аннотация

Мақалада білім берудің мұсылмандық үлгісі ең алдымен Құран мен Сүннетке, сондай-ақ ертедегі мұсылман ойшылдарының ғылыми және теориялық жетістіктеріне негізделетіндігіне мысалдар арқылы дәлелдер айтылып, ғылыми тұжырым жасалған. Ғалымдар адам өмірінің тұтастығын ғылым-білімнің философиялық, мәдениеттанымдық, этикалық, дамытушылық біртұтастығымен байланыстырады. Сонымен қатар ислам философиясындағы білім мен ғылымның негізі болған Құран құндылықтарының мәні ашылған, талданып көрсетілген. Ислам дініндегі білім мен оқытудың педагогикалық жүйесі кез келген жастағы адамның жеке басын қалыптастыруды, тәрбиелеу мен білім беруді басшылыққа алатынын мәдениеттану, дінтану шеңберінде зерделейді. Исламда білім берудің түпкі мақсаты әдепке негізделеді және адамгершілікті қалыптастыру болып саналады. «Адаб» ұғымы адамның рухани және материалдық болмысын, оның әлеуметтік қатынастарын қамтиды. Ғалымдар бұл ұғымды даналық (хикмат) көзінен алынған білім негізінде қалыптасатын лайықты мінез-құлық ретінде түсіндіріп, жоғары қасиеттердің қалыптасуы мен дамуы адамды қателіктен қорғайды деп есептейді. Исламдағы ғылым мен білім жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі осында жатыр. Авторлар мақалада мұсылман өркениеті классикалық кезеңінің базистік аспектілеріне қатысты ислам құндылықтары мен институттарын реформаторлық-модернистік тұрғыдан анықтап, талдаған. Сонымен қатар постклассикалық исламдағы киелілер культі мен киелі орындарға деген қарым-қатынас мәселесі және исламдағы білімнің даму тарихы мен қазіргі кезеңдегі ғылымның негізгі қағидаттары зерттелген. Рухани мектептердің рөлі мен ғалымдардың исламдық дүниетанымы рухани қазыналар қатарында болатыны анықталған.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ