Толеранттылық пен этноконфессиялық бірегейлік құбылысын түсінудің әдіснамалық координаттары

Авторы

  • Б.И. Карипбаев
  • Г.А. Жумасултанова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/188-195

Ключевые слова:

бірегейлік, толеранттылық, жастар, қоғам, сана, этнос, конфессия, дін, антропология, гуманизм, байланыс

Аннотация

Мақалада толеранттылық пен этноконфессиялық бірегейлік құбылысын зерттеудің ең барабар әдіснамалық тәсілдерін іздеуге қатысты мәселелер зерттелген, ең шынайы әдіснамалық вариацияларды талдау ұсынылған. Негізгі авторлық назар шетелдік зерттеушілердің әдіснамалық тұжырымдамаларына аударылған. Авторлар қазақстандық ғылыми кеңістікте этноконфессиялық бірегейлік пен толеранттылық құбылысының табиғатын барынша тиімді зерттеуге мүмкіндік беретін әдіснамалық негіздерді әзірлеуге байланысты іргелі ғылыми жұмыстар әлі жоқ деп пайымдайды. Сонымен қатар мұндай зерттеу жұмысы негізінен философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары, сондай-ақ аймақтардағы жекелеген отандық ғалымдар жүргізген ғылыми ізденістермен байланысты екені атап өтілген. Қоғамның этноконфессиялық палитрасының негізгі контурларын зерттеуде сапалық-сандық әдіснама қолданылған. Зерттеудің бұл тәсілі авторларға қоршаған әлемді қатаң логикалық және ұтымды түрде құрылған тұрақты жүйе ретінде зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сапалық-сандық әдістеменің жоғары ғылыми тиімділігі этникалық және конфессиялық консолидация мен сәйкестік құбылысын панорамалық зерттеу мүмкіндігімен анықталады деп санайды. Мақалада «Студент жастардың этноконфессиялық бірегейлігі: мәселелері, болашағы (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті студенттерінің мысалында)» тақырыбында №14-ВГ-23 жооішілік гранттық жобасы бойынша ғылымизерттеу жұмысын іске асыру шеңберінде жүргізілген кейбір теориялық–әдіснамалық әзірлемелер ұсынылған.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ