Қазақстанның өркениеттілік дамуындағы жапондық модельдің маңыздылығы

Авторы

  • А.Ә. Қожан
  • Б.М. Божбанбаев
  • Е.Н. Осербаев
  • Т.К. Досалиев

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/196-207

Ключевые слова:

Қазақстан, жапон өркениеті, жаһандану, дәстүр, инновация, қоғам, мәдениет, тәжірибе, синтоизм

Аннотация

Тәуелсіздігін алған соң Қазақстан Республикасының алдында ұлттық архетиптерді сақтап, оларды бүгінгі әлемдік өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті маңызды болды. Қазіргі уақытта қазақ мәдениеті цивилизация аясындағы ұлт дәстүріне негізделген жолмен немесе бұқаралық мәдениет үрдісімен жүру жолын таңдауы қажет. Мақаланың мақсаты бүгінгі таңда әлемнің озық, бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру міндетін қойып отырған Қазақстан үшін шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу. Атап айтқанда, технологиялық прогресс пен ақпараттандыру жағдайында қазіргі қоғамның серпінді дамуының өзіндік үлгісін қайталай алған Жапонияның өркениеттілік даму қисынын қарастыру. Бұл ретте Жапония жаһандану жағдайында мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, дәстүрі мен инновациялық үрдістерін сақтауда тепе-теңдікті сақтай білгені маңызды болып табылады. Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан да посттоталитарлық трансформациялар жағдайында өзінің даму үлгісін жасап жатыр. Елімізде бүгінде ұлттық мәдениет мұрасын сақтауға бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Оған ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша мәдени ескерткіштерді сақтау, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудармалар, зерттеулер, басылымдар жатады. Жапония бұрын да, қазір де көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлемдік қауымдастыққа лайықты түрде енуді алдына мақсат етіп қойды. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында жаңа бейнені — өркениетті әлемнің толыққанды бөлігі, сан ғасырлық тарих пен рухани дәстүрге адалдықты табысты пайдаланумен ұштастырған озық инновациялық елді тиімді құру қажеттілігі туындады. Бұл үшін технологиялық инновациялардан саяси институттарға дейінгі заманауи өркениет жетістіктерін дәстүрлі этномәдениет құндылықтарымен үйлесімді ұштастыру қажет.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ