Әлемдік астаналардың дамуын салыстырмалы талдау

Авторы

  • М.М. Манасова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/208-217

Ключевые слова:

қала, мәдениет, елорда, урбанизация, компаративизм, Астана, Вашингтон, Мәскеу

Аннотация

Елорданың тарихы мен болашағын білу, жастардың Астана феноменіне деген қатынасы, бас қаламыздың Қазақстан азаматтарының өміріндегі алатын орны, сонымен қатар Астананың мемлекеттегі әлеуметтік-мәдени маңыздылығы негізгі көрсеткіштер арқылы айқындалады. Бас қалаға деген қызығушылық қаланы зерттеуге жаңа жанрлар мен бағыттарды (философиялық, мәдени, демографиялық, саясаттану, әлеуметтану, тарихи және архитектуралық) әкелді. Мақалада отандық мәдениеттанудағы әлемдік мегаполистерді қалыптастыру мен дамытудың ғылыми тұжырымдамасы ұсынылған (әлемдік мегаполистердің түрлері, астаналардың экономикалық көрсеткіштері, мегаполистердің географиялық орналасуы, мультимәдениеттілігі, сәулеттік келбеті, мәдени қала). Сондай-ақ, компаративистік талдау негізінде қазіргі кезеңдегі астаналардың дамуындағы жалпы маңызды параметрлердің сипаттамасы берілді (олардың астана ретіндегі құрылымы, мәдени және экономикалық дамуы, архитектурасы, ғылымы мен білімі, діни ерекшеліктері). Отандық және шетелдік зерттеулерде гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі салаларында қаланың әлеуметтік-мәдени феноменіне берілген сипаттамаларға сыни талдау жүргізілді және қаланы зерттеудегі жаңа әдіснамалық бағыттар анықталды (урбанистік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік экология, философиялық, экзистенциалистік, метафизикалық, семиотикалық). Автор Астананың мәдени және өркениетті қалыптасуы мен дамуы мәселесіне байланысты гуманитарлық ғылымдар саласында жан-жақты талдау жүргізген.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ