VR және AR технологиялары қазіргі мәдени кеңістікте

Авторы

  • Д.А. Сиражиден
  • Г.С. Касбаева
  • Бюлент Шенай

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/225-236

Ключевые слова:

виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары, мәдени кеңістік, өнер, иммерсивтілік, визуализация

Аннотация

Мақалада мәдениет пен өнер саласындағы виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолдануға байланысты тақырыптар қарастырылған. VR және AR технологияларының маңызды сипаттамалары берілген. «Иммерсивтілік» ұғымының мәні ашылған. Авторлар қазіргі мәдени кеңістіктегі VR және AR технологиясының техникалық және технологиялық аспектілерін, сондай-ақ мәдени аспектілерді зерттеген. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының иммерсивті әсерге де, белгілі бір визуализация әдістерін қолдануға да ашық мәдени кеңістік секторларымен, яғни киномен, мұражайлармен, туризммен, театрмен және бейнелеу өнерімен өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері анықталды. Мәдениет пен соңғы технологиялар арасындағы өзара әсердің сипатын анықтайтын факторлар талданған. Сонымен қатар, мақалада иммерсивті технологияларды қолдану арқылы орындалатын бірқатар тапсырмалар және оларды Artifact бағдарламасында пайдалану мысалдары келтірілген. VR және AR технологияларын қолдануда әлеуметтікэтикалық және маркетингтік факторларға қатысты мәселелер анықталды. Мәдениет саласындағы соңғы технологияларды пайдалану шығармашылық қызметтің әртүрлі секторлары арасындағы шекараларды еңсеруге көмектеседі және мәдениеттің біртұтас ақпараттық-семантикалық кеңістікке айналуының алғышарттарын жасайды деген қорытынды жасалды.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ФИЛОСОФИЯ