Кеңестік мерзімді басылым балалық шақтың идеологиялық көрінісі («Балдырған» журналының негізінде)

Авторы

  • Р.Қ. Бекмағамбетов
  • М.Ж. Бекмағамбетова
  • А.А. Бимолданова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/40-50

Ключевые слова:

журнал, редакциялық саясат, жазушылар мен ақындар, рубрика, идеология, кеңестік кезең, мерзімді балалар басылымдары

Аннотация

Қазақстандағы балалық шақ тақырыбына арналған тарихи зерттеулер әртүрлі көп қырлы құбылыстарды, соның ішінде кеңестік кезеңдегі жас ұрпақ тәрбиесіне мерзімді басылымдардың әсерін талдау мен түсінуді қамтиды. Кеңестік балалар бұқаралық ақпарат құралдарының әсері орасан зор болды. Онда балалар мен жасөспірімдерді пионер және комсомол ұйымдарына тарту, ел басшылығының идеологиялық көзқарастарын орындау, Коммунистік партияның идеяларына қызмет ету бойынша бірқатар міндеттерді шешуге арналған мәселелер көтерілген. Мақаланың мақсаты — зерттеліп отырған кезеңнің барлық негізгі идеологиялық ағымдарын көрсететін, өз дәуірінің бірегей туындысы болған «Балдырған» балалар журналының редакциялық саясаты мен идеялық-тақырыптық мазмұнын зерделеу. Хронологиялық шеңбер ХХ ғасырдың 60-жылдарын қамтиды. «Жылымық» кезеңнің уақытында кеңестік балалар баспа өнімдері бірте-бірте идеологиялық әсерден жалпы мәдени әсерге көшті. Редакциялық саясат, редакция алқасы мен қызметкерлері, журнал мен мақсатты аудитория арасындағы байланыс, ақпараттың жанрлық және композициялық ерекшеліктері қарастырылған. Журналдың мазмұнын саралай келе, «Балдырған» журналы өскелең ұрпаққа кеңес қоғамындағы «дұрыс» тәртіп негіздерін нақты түсіндіріп, адамгершілік құндылықтарды анықтап, танымдық қызығушылықты арттырды деген қорытындыға келеміз. Коммунистік идеология аясында ресми түрде қалса да, «Балдырған» журналы өзінің шығармашылық редакциясының арқасында балаларды жалпыадамзаттық мағынада гуманистік құндылықтарға баулуға тырысты.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ