ХІХ ғасырдағы реформаларға Қазақстандағы жергілікті билік өкілдерінің бейімделуі және тарихи жады мәселелері (Жантуриндер әулеті мысалында)

Авторы

  • Т.А. Еришева
  • А.Б. Альдибаева
  • Л.Н. Ибраимов

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/51-59

Ключевые слова:

тарихи жады, билік өкілдері, Жантуриндер әулеті, қазақ шенеуніктері, Ресей империясы, басқару жүйесі, әкімшілік-территориялық реформалар, билеуші-сұлтан

Аннотация

Мақалада ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген реформаларына Жантуриндер әулетінен шыққан жергілікті билік өкілдерінің бейімделу үрдісі тарихи жады деректері негізінде талданған. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты — ХІХ ғасырдағы Ресей империясының қазақ даласын басқару жүйесіне енгізген өзгерістеріне Жантуриндер әулеті өкілдерінің бейімделу үрдісін зерделеу және осы әулеттен шыққан сұлтан билеушілер мен шенеуніктердің әкімшілік-территориялық реформаларды жүзеге асырудағы қызметін талдау. Авторлар отаршылдық әкімшіліктің жергілікті қызметшілері Ахмет, Мұхаммед және Сейітхан Жантуриндердің саяси және қоғамдық қызметін қарастырады. Зерттеушілер Жантуриндер әулетінің өкілдері туралы революцияға дейінгі кезеңде жарық көрген еңбектерді, жарияланған орыс деректерін және ғылыми мақалаларды қолданған.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ