ХVІІІ–ХІХ ғғ. Ресей империясының отарлау саясатының нәтижесінде қазақ қоғамы құрылымындағы түбегейлі өзгерістер

Авторы

  • Ұ.Қ. Жанғалиев
  • Н.Н. Биназарова
  • Ғ.Б. Алпысбаева

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/60-66

Ключевые слова:

Қазақстан тарихы, патша империясының саясаты, отаршылдық саясаты, дәстүрлі қазақ қоғамы, трансформация, қазақ қоғамындағы өзгеріс, отаршылдық саясатының салдары

Аннотация

Революцияға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қазақ қоғамының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді. Біртұтас Қазақ хандығының ыдырауы барысында қалыптасқан күрделі жағдай бірқатар сыртқы саяси сәтсіздіктерге алып келді. Әрине, Қазақ хандығының ыдырауы және патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты қазақтардың шаруашылық жүргізу тәсілдері мен әдістеріне
әсер етті, бұл өз кезегінде Ресей империясының ықпалының күшеюіне алып келді. Сондай-ақ, әлемдік тарихи үдеріс соңғы көшпенділер мемлекеті — Қазақ хандығының құлдырауына әсер етті. Осыған байланысты, осы мақаланың авторлары ішкі және сыртқы себептері бар қазақтардың көшпелі қоғамының трансформациясына әсер еткен негізгі факторларды қарастырды. Мақалада көшпелі қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың дамуындағы қайшылықтар, әлеуметтік стратификация, көшпелі қауымдастық ішіндегі қатынастар көрсетілген. Патшалық саясаттың Қазақстанның қоғамдық құрылымындағы өзгерістерге әсері талданған.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ