Шетел тарихнамасында Шағатай ұлысының бөлінуі: діни фактор

Авторы

  • Ғ.И. Көшенова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/75-81

Ключевые слова:

Шағатай ұлысы, Шағатай, билік күресі, Талас Құрылтайы, Хайду, ислам діні, Ала-ад-дин Тармашырын хан

Аннотация

Отандық тарихнамада Шағатай ұлысының тарихына қатысты арнайы дайындалған еңбектер аз. Ал шетелдік тарихнамада бірқатар іргелі еңбектерді кездестіруге болады. Автор осы тұрғыдан алғанда зерттеу тақырыбының өзектілігі мен жаңашылдығын көрсетуге тырысады. Ұсынылған жарияланымда шетелдік тарихнамаға негізделе отырып, Монғол шапқыншылығынан соң пайда болған Шағатай ұлысының екіге бөлінуіне ықпал етуші факторларды қарастырған. Зерттеу тақырыбында Шағатай ұлысының бөлінуіндегі діни фактордың ықпалы зерделеуге бағытталғандықтан, оның мазмұнында тәңіршіл
сенімдегі Шағатайдың ұстанымы, оның өзге және ислам дініне көзқарасы, шағатайлық хандардың ислам дінін қабылдауы, сондай-ақ ұлыс тарихындағы айтулы оқиғаларға тоқталады. Шағатай ханнан кейін ұлыс тарихында маңызды реформалар жүргізген бірнеше хандардың, атап айтқанда Алгуй хан, Дува хан, Мубарак хан, Кебек ханға шолу жасалып, Тармашырын ханның өлтірілу себептері қарастырылған. Автор Шағатай ұлысының тарихындағы маңызды кейбір оқиғаларға, яғни Хайдудың бастамасымен үш ұлыстан шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының басын қосқан Талас құрылтайы, монғол ақсүйектерінің, кейбір тайпалардың Мауераннахр жеріне қоныс аударуына назар аударады. Сонымен ортағасырларда дін мәселесі өзекті тақырыптың бірі болғанына қарамастан, Шағатай ұлысының екіге бөлінуінде дін факторы жетекші рөл атқармады. Бұл саяси дағдарыста саяси, әлеуметтік және экономикалық факторлардың ықпалы басымдық танытты.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ