Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өміріндегі байлардың рөлі

Авторы

  • Н.С. Салауат
  • К.О. Сейтказина
  • А. Ташагыл

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/90-96

Ключевые слова:

Қазақстан тарихы, қазақ қоғамы, қазақ байы, Ресей империясының саясаты, бай шаруашылықтарын тәркілеу

Аннотация

1868 жылғы «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы Уақытша ереженің» енгізілуі және шетелдік капиталдың Қазақстан аумағына енуі дәстүрлі қазақ қоғамындағы терең өзгерістердің орын алуына алып келгені белгілі. ХІХ ғасырдың аяғында тек қазақ даласы ғана емес, бүкіл Ресейде капиталистік қатынастар жанданып, өндіріс толқыны күшейе түсті, ал ХХ ғасырдың басында бай қазақтар саудаға, сондай-ақ өндіріске көбірек көңіл бөле бастады. Осыған байланысты мақалада Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өміріндегі қазақ байларының рөлі қарастырылған. Авторлар Орынбор облысы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық архивінің материалдары негізінде қазақ қоғамындағы қазақ байларының орны мен рөлін талдап, байларды тәркілеу және жою үрдісін зерттеген.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ