Алаш Орда және Сейдәзім Қадырбаевтың қоғамдық-саяси қызметі

Авторы

  • Э.Б. Сактаганова
  • Л.С. Байбосын
  • Г.Х. Бижанова
  • Г.Т. Каненова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/97-103

Ключевые слова:

Алаш Орда, «Алаш» қозғалысы, Қазақстан тарихы, автономия, қазақ зиялылары, Сейдәзім Қадырбаев

Аннотация

ХХ ғасырдың алғашқы екі онжылдығындағы Қазақстан тарихының мәселелерін зерделеу қазіргі заманғы отандық тарих ғылымының өзекті, күрделі және көп жағынан қарама-қайшы мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың басы Қазақстан тарихында ерекше орын алады және Алаш Орданың қалыптасуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты бұл мақаланың мақсаты Алаш Орданың және оның ізбасарларының демократиялық идеяларының мәнін ашу және талдау. Авторлар Алаш Орда тарихындағы негізгі аспектілерді қарастырған, яғни: пайда болу алғышарттары мен қызмет сипаты. Әрине, Қазақстан тарихының мәселелерін кеңінен қарастыру ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан элитамен, қазақ халқының шығу тегі бойынша да, даму жолындағы көзқарастары бойынша да «біркелкі топтар» болып табылатын зиялы қауыммен тығыз байланысты. Қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің бірі — Сейдәзім Қадырбаев. Мақалада С. Қадырбаевтың қазақстандық сот жүйесіне,
қылмыстық және іс жүргізу заңнамасына қосқан үлесі талданған. Авторлар алашордашы
С. Қадырбаевтың өмір жолы мен оның қоғамдық-саяси қызметін көрсетуге тырысқан.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ