Ақмола облысындағы этнодемографиялық үдерістер динамикасы (халық санағы мәліметтері бойынша)

Авторы

  • Д.А. Черниенко
  • А.М. Ауанасова
  • С.А. Багдатова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/111-120

Ключевые слова:

Ақмола облысы, тарих, миграция, халық санағы, аймақ, Солтүстік Қазақстан, урбанизация, этнодемографиялық үдерістер, этникалық құрылым, этностар

Аннотация

Мақалада мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру тұрғысынан этникалық тарих пен этнодемографиялық процестерді зерттеудің маңыздылығы қарастырылған. Ресей империясы, КСРО, Қазақстан Республикасы тарихының әртүрлі кезеңдерінде орын алған қоғамдық-саяси және әлеуметтікэкономикалық процестер контексінде 1897-2021 жылдардағы халық санағы материалдарында Ақмола облысының этникалық құрылымының қалыптасу динамикасы көрсетілген. Мақаланың жаңалығы Ақмола облысының жекелеген халықтарының тарихы бойынша бірқатар жұмыстар болған кезде этнодемографиялық динамиканы және халықтың көпұлтты құрамын қалыптастырудың негізгі кезеңдеріне жалпы талдаудың әлі жүргізілмегендігімен анықталады. Облыстың этникалық құрылымының қалыптасу ерекшеліктерін және оның одан әрі өзгеруін айқындайтын негізгі факторлардың қатарына кеңестік кезеңдегі кең ауқымды қоныс аудару қозғалысы, оның ішінде облыстың тың жерлерінің игерілуі, сыртқы еңбек миграциясы, саяси қуғын-сүргін және депортациялау, Тәуелсіздік кезеңінде халықтың
Қазақстанның әртүрлі бөліктері арасында қайта бөлінуі, Астана мен астаналық облыстың демографиялық тартылыс орталығы ретіндегі рөлінің күшейтілуі жатады. Сондай-ақ статистикалық көрсеткіштер облыстың әкімшілік шекараларының жиі өзгеруіне байланысты. Аймақтың этникалық құрылымы полиэтникалық болып қала береді және тұрақты қозғалыста, этнодемографиялық үрдістер тұтастай алғанда Қазақстанда болып жатқан процестерге сәйкес келеді деген қорытынды жасалды. Қазіргі уақытта жекелеген халықтардың тарихы біркелкі зерттелмеген, сондықтан Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдени мұрасын одан әрі жүйелі зерттеу қажет.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ