Қазақстанның кеңестік басқару жүйесіндегі құпия іс жүргізу (1920-1930 жж.)

Авторы

  • А.С. Ысқақ
  • Ғ.Б. Жұматай

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024hph1/121-131

Ключевые слова:

құпия іс жүргізу, кеңестік басқару жүйесі, құпия құжаттар, арнайы бөлім, құпия бөлімше, бақылау органы, мәліметтерді құпиялау

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы Президенті архивінің жария 719-қор құжаттарын тыңғылықты талдау негізінде 1920-1930 жылдары Қазақстанның кеңестік басқару жүйесіндегі құпия іс жүргізу қарастырылып, талдау жасалған. Құпия іс жүргізудің кеңестік басқару жүйесіндегі рөлі мен маңызы, оның дәстүрлі іс жүргізуден ерекшелігі отандық гуманитарлық ғылымда зерттеу объектісіне алынбаған тақырыптың бірі. Ол құпия құжаттарды дайындау, олардың қозғалысын ұйымдастыру және сақтауды қамтитын бірнеше сатылы күрделі үрдістерді қамтиды. Қоғамдағы ірі саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалармен тығыз байланысты кеңестік басқару жүйесінде құпия іс жүргізудің құдіретті күшке айналуы заңды еді. Кеңестік мемлекеттің стратегиялық бағыттары — әскери, қаржыэкономикалық, саяси дамуға қатысты құпия мәліметтері үш санатқа бөлінді. Құпия құжаттарды қабылдау, жөнелту тәртібі ерекше нұсқаулықпен белгіленіп, оны ұйымдастыру жұмыстары Мемлекеттік саяси басқарманың Құпия бөлімшелеріне жүктелді. Көппәндік контексте зерттеуді қажет ететін бұл тақырып кеңестік бақылау органдарының қызметінде қалыптасқан қолжетімді түрлі құпия құжаттарды талдау көмегімен жүргізілді.

Загрузки

Опубликован

2024-03-30

Шығарылым

Раздел

ТАРИХ